• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2015

Мұғалімді  мүгедек  еткен  оқушы 5 жылға сотталды

285 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласы тұрғындары арасында айрықша қоғамдық пікір қалыптастырған бұл оқиғаның нүктесі Ақмола облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотының қорытынды мәжілісінде қойылды. Қаладағы жоғары техникалық мектебінің оқушысы В. ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабының 2-бөлімі «ж» тармағымен, бұзақылық әрекеті барысында өз ұстазына ауыр жарақат салғаны үшін айыпты деп танылды. Сөйтіп, ол сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Енді оқушы айыбын жалпы режімдегі тәрбие колониясында өтейтін болады. Көкшетау қаласы прокуро­ры­ның жәбірленушінің мемле­кет тарапынан емделу шығындарына қатысты талабы өтелді. Ал, мұға­лім­ге моральдық нұқсан келті­ріл­геніне байланысты 1 миллион теңге өтем ішінара қана­ғаттандырылды. Бұған қоса, облыстық білім басқармасының атына қылмыстық заң бұзушылықтың себеп-салдарын анықтап, тиісті шара қолдану жөнінде жеке қаулы шығарылды. Сот оқушының мұғалімді қатты соққыға жыққандығы, осының салдарынан еденге басымен құ­лап, есінен танғанын анықтады. Сондай-ақ, жәбірленушінің ауыз қуысының сүйегі және екі тісі сынып, миы шайқалған. Қазіргі күні ол төсек тартып жатыр, сол жақ денесі ғана қозғалатындықтан өзгенің көмегіне мәжбүр. Кикілжің мұғалімнің сабақ барысында В-ға жасаған ескерт­песінен туындаған екен. Бақберген АМАЛБЕК,  «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.